Қазақстанда 2024 жылы ұлттық рейтинг агенттігі құрылуы мүмкін

Қазақстанда 2024 жылы ұлттық рейтинг агенттігі құрылуы мүмкін

Қазақстанда ұлттық рейтинг агенттігін құру жоспарланған. Ол жыл соңына дейін ашылуы мүмкін. Бұған қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі бастамашыл болып отыр. Ведомство пікірінше, ұйымның құрылуы барлық рейтингтердегі көрсеткіштердің бағалануындағы жауапкершілікті арттыру және сапа дәлдігін бақылауды қамтамасыз етеді. Одан бөлек, ресурстарды бөлудегі тиімділік артып, капитал нарығы белсенді түрде дамиды. Сонымен қатар, қор нарығына инвесторлар да көптеп келеді деп күтілуде. Ал кәсіпкерлер үшін несие рейтингін білу әлдеқайда арзан және қолжетімді болады. Ұлттық рейтинг агенттігінің бағалау үлгілерін құрастыру үшін шетелдік агенттіктер мен қаржы институттарын тарту жоспарланып отыр.