Түркменстанда мектеп жәрмеңкелері ашылды

Түркменстанда мектеп жәрмеңкелері ашылды

Түркменстанда жаңа оқу жылы қарсаңында 400-ден астам мектеп жәрмеңкесі ашылды. Ел астанасы  Ашхабадтың өзінде ғана 60-қа жуық осындай базар жұмыс істейді. Онда оқуға қажетті мектеп формасы бастап барлық кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға болады. Мұнда бірінші сынып оқушыларынан бастап студенттерге дейін оқу жабдықтарына таңдау көп.  

Тавус Бекиева, Ашхабад қаласының тұрғыны:

- Биыл менің ұлым бірінші сыныпқа барады. Әрине, алаңдаймыз - ол балабақшадан мектепке ауысады. Сондықтан біз жәрмеңкеге келіп, қажетті нәрсенің бәрін сатып алуға шешім қабылдадық. Шынымды айтсам, біз қайдан бастау керек екенін де білмейтін едік.

Мектеп жәрмеңкелерінде ұсынылған тоқыма өнімдерін жергілікті фабрикалар тыныс алатын арнайы табиғи маталардан дайындайды. Түрікменстанның орта оқу орындарының қыздарға арналған мектеп формасы дәстүрлі түрде жасыл көйлектен, ақ алжапқыштан және бас киімнен, ұл балаларға арналған - қара костюмнен және ақ жейдеден тұрады. Айта кетейік, бұл жәрмеңкелер 5-ші қыркүйекке дейін жалғасады.


Касым Кадыров, Ашхабад қаласының тұрғыны:

- Биыл оқу бағдарламасына сызу және құқық сынды жаңа пәндер енгізілді.  Сондықтан мен мұнда арнайы дәптерлер, қарындаштар мен сызғыштар алуға келдім. Шын мәнінде, менің сүйікті пәнім - физика, бірақ сызу мен құқық та қызықты болады деп үміттенемін.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?