Мектептерде АІ негізінде оқытудың жаңа тәсілдері

Мектептерде АІ негізінде оқытудың жаңа тәсілдері

Жасанды интеллектіні Қазақстанның орта білім беру жүйесіне ендіру - бұл елдің жаңа Конституциясында бекітілген адами капитал мен инновацияларды дамытудың басымдықтарын іске асыратын стратегиялық бағыт. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазіргі заманғы технологиялар өмірдің барлық саласын түбегейлі өзгертіп, адамзаттың болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан да прогреспен қатар жүру өте маңызды. Бұған халықаралық сарапшылар да сенімді. Өз пікірімен танымал футуролог, геоэкономикалық стратег Олаф Грот бөлісті.


Олаф Грот, Футуролог, Haas School Of Business профессоры (Беркли):

- Қазіргі заманғы мектептер әлі күнге дейін индустриялық тәсілді пайдаланады. Яғни, барлығы үшін бір жүйе. Осылайша, барынша көп оқушыны ресурстарын аз жұмсай отырып оқытуға тырысады. Ал AI бұл ескірген тәсілді мүлдем өзгерте алады. Ол әр оқушының ақпаратты қалай қабылдайтынын және оны нақты білім мен дағдыға айналдыруын талдап, жеке-жеке бейімделген тапсырма береді. Осылайша, білім беру үрдісі жалпыдан жекеге ойысады. Оқу жүйесі «индустриялық үлгіден» «оқытудың когнитивтік дәуіріне» алмасады. Бұл білім берудің анағұрлым дербестендірілген әрі әлдеқайда тиімді заманауи үлгісі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?