Ғалым Қ.Сәтбаевтың 10 томдық ғылыми еңбектер жинағы жарық көрді

Ғалым Қ.Сәтбаевтың 10 томдық ғылыми еңбектер жинағы жарық көрді

Елордада ғалым Қаныш Сәтбаевтың 10 томдық ғылыми еңбектер жинағының тұсаукесері өтті. Іс-шара академиктің 125 жылдығына орайластырылды. 10 томдыққа монографиялар, ғылыми мақалалар, барлау есептері, карталар мен ғылыми-техникалық жобалар енді. Авторлар Қаныш Сәтпаевтың еңбектерін жүйлеп, студенттер мен оқытушыларға, геологтар мен экономистерге қолжетімді құнды ақпарат етіп отыр. Жалпы басылымның таралымы 10 мың дана. Кітаптар еліміздің ғылыми мекемелеріне, жоғары оқу орындары мен кітапханаларына жіберілді. Сондай-ақ, еңбектің электронды нұсқасы да қолжетімді болады.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы сенаторлар кеңесінің мүшесі:

- Музыка саласындағы да, медицина саласындағы да осы біздің Қаныш Сәтбаевтың еңбектері жетерлік. Соның бәрін, бұрын жарияланбаған дүниелердің көбін жарияланып және, содан кейін бұл Қаныш Сәтбаевтың көптеген республикалық деңгейде, халықаралық дәрежеде, Одақтық дәрежедегі академиялық жиналыстарда, мәжілістерде сөйлеген сөздері бар.

Бақытжан Амралинова, Satbayev university жобаларды басқару институтының директоры:

- Бұл көптеген ғалымдардың ұжымдық еңбегі. Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай арнайы әзірленді. Басылымның ескі нұсқалары қайта өңделді. Қажырлы жұмыстың нәтижесін қазақстандықтарға ұсынып отырғанымызға қуаныштымыз».

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?