Қазақстанда «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау басталды. Халықаралық
бағдарламалар орталығының дерегінше, биыл шетелдің озық оқу орындарында білім
түгестеу үшін 645 стипендия тағайындалмақ. Инженерлік-техникалық және
медициналық мамандықтарға басымдық беріледі. Гранттан дәмелілер наурыздың 3-нен
бастап өтініш бере алады. Құжаттарды қабылдау қазан айының 17-не дейін
жалғасады.

