Астанада халықаралық INESS-2025 концерні өтті

Астанада халықаралық INESS-2025 концерні өтті

Қазақстан литий-ионды аккумуляторлары бөлшектерінің жеткізілімінің жаһандық тізбегінде өз орнын алуға дайын. Назарбаев Университетінде кенді дайын катодты материалға қайта өңдеу технологиясы әзірленді және шешімдердің бір бөлігі коммерцияландырылуға дайын. Жақын аралықта Қазақстан шикізатты емес, қайта өңделген бөлшектерді экспорттай алады. Елордалық ЖОО зерттеушілерінің жіті жұмысы нәтижесінде литий-ионды аккумуляторлар шығаратын пилоттық желі іске қосылды. Болашақта желілік өндірісті іске қосу және жаңа сала үшін мамандар даярлау жұмысы жүргізіледі. Сондай-ақ, аккумулятордың негізгі бөлшектері - никель, кобальт, марганец және темірді жергілікті шикізаттан алу технологиясы да әзірлемелер қатарында. Астанадағы INESS-2025 халықаралық конференциясына қатысушылар ғалымдардың электрохимиялық энергетикадағы жетістіктерін талқылады.

Жұмабай Бәкенов, NU профессоры:

– Біз қазір бірқатар жеке мекемелермен жұмыс жасап жатырмыз. Біздің технологиямызды енгіземіз, никльмен жұмыс істейтін болғандықтан никель шығаратын компаниялармен серіктестік құрамыз Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп пилоттық нұсқасын ұйымдастыру бойынша үлкен жобаны бастаймыз деп болжап отырмыз. Біз Қытай елінің жобалары мысалға ала отыра, ілгерілейміз, Азия елдерімен өте тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқанбыз. .

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?