Қазақстандық екі
мектептің командасы Space Settlement
Contest халықаралық сайысында жеңімпаз атанды. Шараны NASA мен АҚШ-тың Ұлттық
ғарыш қоғамы ұйымдастырып отыр. Беделді сайысқа әлемнің 25 елінен 26 мыңнан
астам оқушы қатысты. Байқауда бірінші орынды отандық «YURT» жобасы жеңіп алды. Ол Юпитер орбитасында 30
мың адамға арналған автономды станция жасақтауға арналған.
Анастасия Цой, 9 сынып оқушысы:
- Жобаның ерекшелігі,
біз әртүрлі энергия көздерін пайдаланамыз. Сонымен қатар, Каллисто мен
Ганимедке қона алатын қосымша кемелеріміз бар. Кем дегенде 300 жылдан кейін
болашақ ғалымдар мен инженерлер бұл жобаны шынайы ғарыш станцияларын жасауға
пайдаланса деп армандаймыз.
Тағы бір қазақстандық
«Икарус» жобасы сайыста екінші орынға ие болды. Бұл – Юпитердің ірі серігі
Ганимед орбитасында станция жасақтауға арналған. Айта кетейік, отандық
оқушылардың екі жобасы да жасанды гравитация мен автономды тіршілік ету
жүйесімен жабдықталған.
Серік Ақылбекұлы, Дарынды
балалармен жұмыс және олимпиадалық резерв жөніндегі координатор:
- Бұл командалық жұмыс
болып табылады. Оқушыларымыздың жан жақты білімділігі керек. Стем бағытында
мысалы, физика математика информатика, технология пәндерін жетік меңгеру керек
болады. Осы оқушыларымыз енді Орландода өтетін АҚШ-тағы конференцияға жолдама
алды.

