Түркістан облысында алғаш рет бауыр трансплантацияласы жасалды. 19 жасар қыз анасына донор болып, өмірін арашалап қалды. Өңір дәрігерлері 48 жастағы науқастың жарамсыз болып қалған бауырының орнына, перзентінің бауырының жартысын салып берді. Аса күрделі қос ота да 7 сағат бойы қатар жүргізілді. Озық технология мен білікті ақ халатты абзал жандардың арқасында операциялар сәтті өтті.
Эльвира Сахавиддинова, Донор:
- Бұл ота туралы естіген кезде бізде екінші мүмкіндік оянды. Маманы көндірдік. Бұл жаққа келіп толық консултация алып, толық медициналық тексерістен өтті. Анам ауыр жағдайда болатын. Сап-сары болып кеткен болатын. Қазір жағдайы қалыпты. Операциядан кейін жағдайым жақсы 2-3 күнен кейін-ақ жүріп кеттім. Барлығы дәрігерлердің көмегімен соларға мың алғыс.
Түркістандық дәрігерлерге тарихи сәтте еліміздің бас хирург-трансплантологы Болатбек Бимендіұлы көмекке келген. Аса күрделі опрация өткізген жергілікті дәрігерлер енді оны өз күштерімен жасамақ ниетте. Биыл өңірде дәл осындай 2 науқастың бауырын алмастыру жоспарланып отыр.
Жанболат Ділдәбеков, Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері:
- Бауыр беретін адамның өзі сау болуы керек. Ол кісінің қант диабеті, артериялық
қан қысымы көтеріңкі, бүйректің аурулары мен бауырдың аурулары болмауы керек.
Себебі мына жағдайда да біз донорды әбден тексергеннен кейін барып көзіміз
жеткен соң операция жасадық. Ең бірінші бауырын беріп жатқан науқас – донор ол
сау келіп сау кетуі керек.

