Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялау басталды

Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялау басталды

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты қазақстандықтардың алғашқы легі Біріккен Араб Әмірліктерінен елге оралды. Бүгін түнде FlyDubai әуекомпаниясы 306 жолаушыны Дубайдан Алматы мен Астанаға жеткізді.

Әлібек Бақаев, ҚР Сыртқы істер вице-министрі:

– Flydubai компаниясының шешіміне сәйкес, 28 ақпанға дейін билет сатып алған, бірақ 1 наурызда және 2 наурызда ұшып шыға алмаған Қазақстан азаматтары осы рейске отырғызылды. Жалпы, Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін жапты. Сондықтан да  өз әуекомпанияларына жолаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауға мүмкіндік берілді. Осының арқасында бұл рейс жүзеге асырылды.

Әмірліктердің әуе кеңістігі ашылысымен қазақстандық тарап Air Astana және Scat авиакомпанияларының алты жолаушылар ұшағын жіберуге дайын. Бұған қоса ертең Сауд Арабиясында жүрген қазақстандықтар да елге оралады деп күтілуде. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның 50 азаматы Тегераннан шығарылған болатын. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлайды. Азаматтарымызды көрші елдер арқылы Ираннан эвакуациялауға жәрдемдесу туралы шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен  уағдаластықтарға қол жеткізілді. Республикамыздың дипломатиялық өкілдіктері ахуалға үздіксіз мониторинг жүргізіп, азаматтарымызға консулдық-құқықтық көмек көрсету үшін жергілікті билікпен және қазақстандықтармен тұрақты байланыс орнатқан. Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Таяу Шығыс елдерінде 8 мыңға жуық отандастарымыз бар.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?