Қазақстан туризмді
дамыту индексінде нәтижесін жақсартты. Еліміз әлемдік туристік бағыттар
тізімінде 119 ел арасынан 52-орынды иеленді. Дүниежүзілік экономикалық форумның
саяхат пен туризмді дамыту туралы есебінде белгілі болды. Жалпы, әлемдік
рейтингте Қазақстан 14-сатыға көтеріліп, Орталық Азиядағы өзге елдерді басып
озды. Туризмнің әлеуметтік-экономикалық әсері, денсаулық сақтау және гигиена,
табиғи және мәдени ресурстар, сондай-ақ адами капитал мен еңбек нарығы және
туристік инфрақұрылым мен сервис санаттарында еліміз жоғары бағаларға ие болды.
Алишер Тұрсын, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының ресми өкілі:
– Бұл өте керемет жаңалық. Біз алдағы уақытта осы
рейтингтегі үздік 50 елдің қатарына кіруді жоспарлап отырмыз. Ол жоспарға 2
қадам жақын табан тіредік. Бұл нәтижеге орталық мемлекеттік органдардың,
жергілікті атқарушы биліктің, бизнес ассоциациясы мен ғылыми-академиялық
қоғамдастықтың бірлескен жұмысының арқасында жеттік. Алайда, осымен тоқтап
қалмақ емеспіз. 50 ғана емес, үздік 30 елдің қатарына кіру үшін осы жұмысты
жалғастыруымыз қажет.