Түркістан облысында су үнемдеу технологиялары енгізілуде

Түркістан облысында су үнемдеу технологиялары енгізілуде

Қазақстанда су үнемдейтін жаңа технологиялар енгізілуде. Осылайша, Түркістан облысында айналма және фронтальды түрде су шашырататын машиналар шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Зауыт индустриалды аймақта бой көтерді. Осылайша, жергілікті инвесторға жұмыс істеуге барлық мүмкіндіктер жасалып, салықтық артықшылықтар берілді. Өндіріс ошағының жалпы аумағы 3 мың шаршы метрді құрайды және оның көп бөлігі автоматтандырылған. Шығарылатын өнімнің көлемі де әр түрлі. Кейбірі 1 км дейін. Өңір әкімдігінде түсіндіргендей, мұндай ақылды техника егістік алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ете алады, сонымен қатар, ол суды 5 есе үнемдеуге мүмкіндік береді.

 

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі:

-Республикамыздың суармалы алқаптарының төрттен бір бөлігі Түркістан облысында орналасқан, сондықтан, біз зауыт салу туралы шешім қабылдадық. Бүгінде жаңбырлатып су шашырататын жүйемен машина шығаратын зауытты іске қостық. Оның Қазақстанда баламасы жоқ.