Премьер-министр Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша
кеңес өткізді. Жиында Мемлекет басшысының ұлттық жүк әуе компаниясын дамыту,
теңіз және теміржол тасымалдарын ұлғайту бойынша тапсырмаларын орындау
мәселелері қаралды. Мәселен елімізде әуе кемелерін кезең-кезеңімен шығаруды,
бәсекелестік құны бойынша авиаотынмен қамтамасыз ету, операциялық қызметті
жедел іске қосу жағы сөз болды. Сондай-ақ ілеспе инфрақұрылымды дамыту, оның
ішінде әуежай қуатын, жүк терминалдарын, қойма логистикасына назар аударылды.
Бұл транзиттік жүк хабы ретінде Қытай – Қазақстан – Батыс Еуропа бағыты бойынша
қолайлы жағдай жасаудың қамы. Сонымен
қатар Орталық Азия өңірінен Кавказға және Батыс Еуропа елдеріне тасымалдау
көлемін ұлғайту үшін «Ақтау» және «Құрық» теңіз порттарын тиеу шаралары
талқыланды. Ал теміржол саласы бойынша өткізу қабілетін арттыру, тарифтік
саясатты жетілдіру үшін инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту және қазақстандық
теміржол желісін дамыту жоспарлары айтылды. Кеңес қорытындысы бойынша
Премьер-министр бірқатар тапсырма берді.

