2027 жылы Қазақстан ғарышқа үш отандық спутник ұшырады

2027 жылы Қазақстан ғарышқа үш отандық спутник ұшырады

Келесі жылы Қазақстан Жерді қашықтан зондтау үшін үш ғарыш аппаратын ұшыруды жоспарлап отыр. Олар заманауи оптикалық және радиолокациялық бақылау жүйелерімен жарақтандырылатын болады. Бұл ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар, экология және төтенше жағдайлар мониторингінің дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа отандық ғарыш аппараттары орбитада бұған дейін еуропалық әріптестермен бірлесіп жасалған жерсеріктерді алмастырады. Қазір оларды жинау және интегациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңа жерсеріктер биылдың екінші жартысынан бастап сыналады. Ал жыл соңына қарай аппараттарды толық дайындықтан өткізу межеленіп отыр.

Қайыржан Қожаев, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы:

– Әлемде спутниктердің ғарыштық мониторингі дамып келеді. Көптеген елдер өз жерсеріктерін жаппай ұшырып жатыр. Өйткені бұл үрдіс  өзінің тиімділігін көрсетті.

Қазір жер орбитасын 5 қазақстандық спутник айналып жүр. Олардың үшеуі байланысқа жауап берсе, өзгелері маниторинг жасайды. Жаңа отандық аппараттар қолданыстағы KazEOSat-2 жерсерігін алмастырады. Айта кетейік спутниктерді сынау елордадағы полигонда өтуде. Мұндағы жағдай ғарышқа барынша жақын.

Бауыржан Алматов, Ghalam ЖШС басшысы:

-Жерден геостационарлық орбитаға дейінгі қашықтық шамамен 36-39 мың километр, біз мұнда сигнал имитациясын жасаймыз. Арнайы камерада біреуі гиперболалық, екіншісі параболикалық айналар бар. Камерада сәуле түсіруші құрал орнатылған. Сондай-ақ сынақтан өтуі тиіс нысан орнатылатын позициялаушы құрылғы бар.

Еліміз орбиталық жер серіктерінің санын арттыруға ниетті. 2029-2030 жылдары тағы үш аппаратты іске қосу жоспарланған, осылайша олардың жалпы саны алтыға жетеді. Сарапшылардың айтуынша, бұл мәліметтерді үнемі жаңартып отыруға және жүйенің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстанда халықаралық келісім аясында 2024 жылы қолға алынған ай маңындағы телескоптық зерттеу жобасы дамуда. Қазір оның техникалық параметрлері мен орбитасын есептеу тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. 2030 жылға қарай Қазақстанда халықаралық астрономиялық хаб құру жоспарланған, ол елдің әлемдік ғарыш ғылымындағы орнын нығайтады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?