Қазақстанда жаңа Конституция бойынша алдағы референдумға дайындық қыза түсті. Осылайша, Түркістан облысында тұрғындардың өз таңдауын жасауы үшін 948 учаске жасақталған. Барлық учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалған. Ал науқанның ашық әрі әділ өтуін 17 аумақтық комиссия қадағалайды. Айта кетейік, биыл 15 наурызда өтетін референдумда өңір бойынша 1 миллион 200 мыңға жуық азамат дауыс беру құқығына ие.
Қуандық Құлажанов, Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшесі:
- Олар қазір біздің облыста жұмысын толық бастап кетті. 22 ақпан күні дауыс берушілердің тізімін алды. Қазір барлық учаскелік сайлау комиссияларында жұмыс басталды. Ол жерде кезекші болады. Сайлаушылар тізімімен танысатын пунктер бар.

