Қазақстан Қытаймен орнаған ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Қытай Коммунистік партиясы комитеті хатшысының орынбасары, Халық үкіметінің төрағасы Эркин Туниязды қабылдады. 


Мемлекет басшысы еліміздің Шыңжаңмен сауда, өнеркәсіп, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және туризм сияқты көптеген сала бойынша табысты қарым-қатынас орнатқанын атап өтті. Бұл өлке Қазақстанның аспан асты елімен сан қырлы байланысын нығайтуда стратегиялық рөл атқарады. Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңжаң Халық үкіметі төрағасының Қазақстанға сапары өңіраралық кооперация мен шекара маңындағы облыстардың өзара ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді. 

Өз кезегінде Эркин Тунияз Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі тұрақтылықты сақтауға қосқан үлесі және «Бір белдеу, бір жол» бастамасын мен «Нұрлы жол» экономикалық даму бағдарламасын сәтті ұштастырғаны үшін алғысын білдірді.