Түркіменстанның «Аркадаг» футбол клубы
маңызды халықаралық матчқа дайындықты бастады. Ол 11 ақпанда Азия футбол
конфедерациясының екінші Кубогының 1/8 финалында Сауд Арабиясының Аль-Наср
клубымен бақ сынасады. Ойын Ашхабад Олимпиадалық стадионында өтеді. Қарымта
кездесу 18 ақпанда Сауд Арабиясында өтпек. Криштиану Роналду бастаған
«Аль-Наср» мен Орталық Азиядағы жетекші клубтың бірі ретінде танылған «Аркадаг»
ойынына қызығушылық жоғары. Айта кетейік, футбол Түркіменстанда ең танымал
спорт түрі.
Даянч Мередов, «Аркадаг»
футбол клубының шабуылшысы:
- Дайындық қарқынды
жүріп жатыр. Команда ойынды жоспарлау, жылдамдық және алаңдағы өзара іс-қимылды
жаттықтырып жатыр. Біз қарсыластың деңгейін жақсы түсінеміз және 11 ақпанда
өтетін маңызды матчқа дайындықпен барамыз. Өз алаңымызда ойнау - біз үшін үлкен
артықшылық. Шешуші сәттерде командаға жанкүйерлердің қолдауы көмектеседі.

