Түркіменстанда Наурыз мейрамы атап өтілді

Түркіменстанда Наурыз мейрамы атап өтілді

Наурыз мейрамы Түркіменстанда да кеңінен атап өтілді. Мұнда мерекеге орай тау бөктерінде ақбоз киіз үйлер тігіліп, шығыс үлгісіндегі қалашық салынды.

Қолөнер шеберлері өнерлерін паш етіп, жасаған бұйымдарын көрсетеді. Барлық жерде тайқазандарда басты мерекелік тағам - семени́ дайындалып, үлестірілді. Бұл жаңа көктеген бидайдан жасалатын тәтті тағам, оны жаңа жылда егін бітік шықсын деген ниетпен, түні бойы пісіріледі. Сондай-ақ, тұрғындар мен қонақтар мерекелік концерт пен палуандар күресін тамашалап, алтыбақан тепті.

Равшанбек Алимов, Өзбекстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Мен осы алаңда шын мәнінде мерекелік, достық көңіл-күй қалыптасқанын атап өткім келеді. Бұл мереке шынымен де бейбітшілікті нығайтуға, елдер арасындағы достықты нығайтуға, ынтымақтастық пен өзара жасампаздықты бекемдеуге бағытталған.

Яна Ангелопулу, турист /Греция/:

- Мен Түркменстанға Грекиядан келдім. Мен үшін бұл мерекеге қатысу үлкен қуаныш. Наурыз мейрамын тамашалап қайран қалдым. Бізді түрікмен халқының қонақжайлылығы таң қалдырды, бұл елге шын жүректен өркендеу мен бақ-береке тілейміз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?