Қазақстан мен Өзбекстан экологияны жақсарту және
қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын бірше жүргізеді. Тиісті үкіметаралық
келісімді Қазақстан Парламентінің төменгі палатасы ратификациялап, Сенаттың
қарауына жіберді. Айта кету керек, құжатқа 2022 жылдың желтоқсанында қол қойылған
болатын. Сол кезде тараптар
келісімнің тармақтарын іске асыруды реттейтін Қазақстан-Өзбекстан арнайы
бірлескен комиссиясын құруға келісті. Аталған құрылым Арал бассейніндегі экологиялық жағдайды
жақсарту жөніндегі бірлескен іс-шараларды және елдердің шекаралас
аумақтарындағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпарат алмасу регламентін
әзірлеуге, сондай-ақ орман алқаптарын қалпына келтіруді ұйымдастыруға, топырақ
пен өсімдік жамылғысының тозуына қарсы күрес бойынша жұмыстарды атқарады.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи
ресурстар министрі:
- Біз екі ел арасындағы кең ауқымды мәселелер
бойынша, оның ішінде ауаның ластануына қатысты мәселелер бойынша
ынтымақтастықты қамтамасыз ету жөніндегі келісімді мақұлдау туралы заң жобасын енгіздік-
Бүгінде біз шекаралас елдермен ШЫҰ аясында Климаттық кеңеспен және Өзбекстанмен осы
келісім аясында, Осонымен
қатар Орталық Азия елдерімен 1992 жылғы келісім аясында жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар. Менің ойымша,
ратификациялау бұл жұмысты бұдан
да күшейте түседі.
Мәжіліс депутаттарының қарауына тағы бір заң жобасы
тапсырылды. Ол - биржалық саудаға қатысты. Оны халық қалаулылары бірінші
қаралымда мақұлдады. Түзетулер қаржылық тұрақтылыққа талапты арттырып, тауар
биржалары жұмысының ашықтығын қамтамасыз
етеді. Атап айтқанда сауда қорытындысы
белгілі болғанан кейін қатысушылар
туралы құпия ақпарат пен мәліметтерді жариялау міндеттеледі.
Ол қазақстандық тауар өндірушілерге
ашық сауда құралдарын қолдануға мүмкіндік береді. Одан бөлек, жер қойнауындағы
байлықтарды пайдаланатын стандартталмаған материалдар бойынша сауда жасауға
тыйым салынады. Оларды электронды сауда алаңдарына көшіру ұсынылды. Бұдан бөлек заң жобасына тағы бірнеше
түзету жасау қарастырылды.
Олардың қатарында шағын кәсіпкерлік субьектілерін
тауарлық биржа санатынан алып
тастау бар.
Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты:
- Бүгінгі таңда 9 биржаның 8-і шағын
кәсіпкерлік субъектілері санатына
жатады, мұндай биржалардағы айналым жылына екі триллион
теңгеден асады, яғни әр биржа миллионмен емес, миллиардтармен сауда жасайтын
елеулі экономикалық институт болып отыр. Сондықтан бүгінгі таңда
биржалардың қызметі түріне қарай микро және шағын бизнеске қатысты деп бөлінбей, жаңа өзгерістерге сәйкес
жұмыс істейді.
Тапқан табысына қарай орта немесе ірі бизнес
ретінде қарастырылады.