Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісін қабылдады

Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісін қабылдады

Қазақстан Сауд Арабиясымен ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға айрықша мән береді. Қасым-Жомарт Тоқаев Корольдіктің Республикамыздағы елшісі Файсал Әл-Кахтанимен кездесу барысында осылай деді. Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудтың екі елдің сан қырлы ықпалдастығын ілгерілетуге қосқан елеулі үлесін айрықша атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Президенті оны елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақыратынын растады. Елші өз мемлекетінің Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейіл екенін айтты. Ол жақында қол қойылған Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім, сондай-ақ екі ел арасында Координациялық кеңес құру тиімді байланыстарды жандандыруға жол ашатынына назар аударды. Бұдан бөлек, дипломат Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты Қазақстан Президентінің көрсеткен жан-жақты қолдауына Сауд Арабиясы басшылығының шынайы ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ Қазақстанның бітімгерлік келіссөздерді киелі Түркістан шаһарында өткізу туралы бастамасының өзекті екеніне тоқталды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?