Қазақстан Президенті Бельгия Премьер-министрімен кездесті

Қазақстан Президенті Бельгия Премьер-министрімен кездесті

Қазақстан Президенті ресми сапары аясында Бельгия Премьер-министрімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Барт де Вевер ынтымақтастық әлеуетін талқылап, саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға айрықша назар аударды. Мемлекет басшысы Бельгияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі ретінде атады. Өзара сауда айналымының көлемі былтыр 580 млн доллардан асты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша ықпалдастықтың қарқыны бұдан да зор әлеуетке ие.  Өз кезегінде Барт де Вевер екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге және стратегиялық серіктестік аясын кеңейтуге ниетті екенін мәлімдеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?