Мәжіліс акваөсіру туралы заңын қабылдады

Мәжіліс акваөсіру туралы заңын қабылдады

Қазақстанда балық шаруашылықтары балықтар мен басқа да су жануарлары мониторингінің арнайы ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Мұндай шара елдегі балық өнімдерінің көлеңкелі айналымының жолын кесуге бағытталған. Яғни, заңсыз кәсіпке тұсау болмақ.  Қазақстанда енді акваөсіру мәселелерін жаңа заң реттейді. Мәжіліс оны ілеспе құжаттармен қоса қабылдап, Сенаттың қарауына жіберді. Ондағы түзетулерге сәйкес бұдан былай су қоймасын немесе учаскені бекіту конкурсына қатысатын кәсіпкерлер міндетті кепілдік жарнасын төлеуі тиіс. Депутаттар бұл бизнестің алған міндеттемелерін орындауына кепілдік боларын алға тартады. Сондай-ақ, құжат аясында жосықсыз кәсіпорындардың тізілімі жасалады. Оған енген кәсіпкерлер 5 жыл бойы су қоймаларын пайдалануға рұқсат ала алмайды. Түзетулерде Экология министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату көзделген. Өнімі сыртқы нарықтарға бағдарланған өндірушілерді қолдау қамында арнайы инвестициялық тарифті енгізу үшін «Электр энергетикасы туралы» Заңға толықтырулар енгізілді. Жалпы мәжіліспен құпталған құжат елдегі балық шаруашылықтарының жұмысын реттеуге, экспорттаушыларға қолдау көрсетуге және су көздерінің биоқорларын қорғауға мүмкіндік береді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?