Түркіменстанда Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жүлдегерлері марапатталды

Түркіменстанда Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жүлдегерлері марапатталды

Қазақстанда математика, физика және информатика пәндері бойынша өткен XXI халықаралық Жәутіков олимпиадасында түрікменстандық оқушылар 2 алтын, 4 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Жалпы командалық есепте Түрікменстан құрамасы 8-ші орынды иеленді. Еске салайық, білім додасы 13-17 қаңтар аралығында Астанада ұйымдастырылды. Оған әлемнің 15 елінен 700 астам оқушы қатысты. Оның 20-дан астамы Түрікменстан намысын қорғады. Жүлдегерлер Ашхабадта салтанатты түрде марапатталды. Түрікменстанның білім министрі халықаралық байқаулар ғылыми әлеуетті қалыптастыру және білім беру саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту үшін аса маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, Жәутіков олимпиадасы дәстүрлі түрде жас таланттарды анықтау және қолдау, сондай-ақ елдер арасындағы байланыстарды нығайтудың бірегей тұғырнамасына айналған.


Хамза Аллабердиев, оқушы:


- Халықаралық олимпиадада математикадан алтын медаль жеңіп алдым. Мен сынға ұзақ дайындалдым. Менің білімімді күн сайын шыңдаған оқытушыларыма үлкен алғыс білдіргім келеді.  


Расул Мырадов, мектеп директоры


- Мен біздің оқушылардың аталған олимпиадада осындай үлкен нәтижелерге қол жеткізгеніне өте қуаныштымын. Балалар бұл жарысқа ұзақ дайындалды. Білім додаларына қамданып жатқан оқушыларға үлгі болады деп үміттенемін. Білімге ден қойған оқушы кез келген биіктікті бағындыра алады.


Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?