Қазақстанда берілген дипломдар Азия-Тынық мұхиты елдерінде танылатын болды

Қазақстанда берілген дипломдар Азия-Тынық мұхиты елдерінде танылатын болды

Қазақстанда берілген дипломдар Азия-Тынық мұхиты елдерінде танылатын болды. Мәжіліс тиісті өңірлік конвенцияны ратификациялады. Құжат елімізге Азия-Тынық мұхиты өңірінің ұлттық ақпараттық орталықтар желісінің мүшесі болуға мүмкіндік береді. Бұл желі қатысушы елдердің біліктіліктерді танудағы ақпарат алмасуын қамтамасыз етіп, студенттер мен оқытушылардың кәсіби және академиялық ұтқырлығын арттыруға бағытталған. Бұл қатарда Қытай, Жапония, Корея, Түркия, Аустралия және басқа елдер бар. Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері арасында бірінші болып бұл құжатты қабылдау жұмысын бастағанын айта кету керек.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Отандық жоғары оқу орындарының білім қызметтерін экспорттау нарығын кеңейтеді. Яғни, осы елдерден қазір көп студенттер келуді бастады. Ұлттық жоғары білім жүйесіне халықаралық сенімін нығайтады. Қазіргі таңда біз бүкіл Еуропа елдерімен Лиссабон процесінің аясында осындай ынтымақтастықты орнаттық. Қазақстанда алынған дипломдарды Азия-Тынық мұхиты өңірінде тануға қойылған кедергілер жойылады. Заманауи білім беру тәжірибелері мен технологияларын алмасуға жағдай жасалады. Біздің негізгі мақсатымыз Қазақстанда берілген дипломдарды бүкіл әлемде тану қағидаттарын сақтау, кепіл ету.

Қазақстан ірі академиялық хаб ретінде танылып келеді. Елімізде 31 мыңнан астам шетелдік студент білім алуда. 2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 100 мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр. Республика 40-тан астам әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен бізде  өз өкілдігін құру бойынша келісім жасасқан. Бүгінде ел аумағында 33 шетелдік университеттің филиалы ашылды.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?