Ашхабадта
жастар арасында роботты техникадан байқау өтті. Ол елдің түкпір-түкпірінен 250-ден астам талантты жастың басын біріктірді.
Ең жас қатысушы небәрі 7 жаста. Әзірлемешілер жас санатына және тапсырманың
күрделілігіне қарамастан, құрастыру, бағдарламалау және инновациялық
технологиялар саласында өз дағдыларын көрсетті. Фестиваль төрт негізгі
санаттағы жарыстарды атап айтқанда, сумо-роботтар, лайнфолловерлер, лабиринт,
командалық жобаларды қамтыды. Сарапшылар атап өткендей, фестиваль - бұл жас
инженерлер үшін маңызды байқау, олар осы салада өзін танытып қана қоймай, одан
әрі дами алады. Ал мұндай іс-шаралар ең өршіл технологиялық міндеттерді шешуге
қабілетті кәсіби мамандардың жаңа толқынын қалыптастыруға серпін береді.
Мерген Аманов,
Халықаралық мұнай және газ университетінің инновациялық ғылыми-зерттеу
орталығының маманы:
- Жастар
арасында, оқушылар арасында робототехнологияларға деген қызығушылық жылдан
жылға артып келеді. Фестиваль барлық қатысушылар үшін, ең алдымен, жаңа білім
мен дағдыларды меңгеру тәжірибесімен алмасу алаңына айналды.
Мекан Реджепов,
Муниг студенті, технологиялар және кибер қауіпсіздік факультеті:
- Командалық түрде қатыстым, онда үшеуіміз қатысамыз. Біз тапсырманы 22 секундтта орындап, 3 орын алдық. Роботты екі апта бойы дайындадық.
Авторы: Әсел
Күшенғалиева

