Түркіменстанда газ кенішін игерудің жаңа кезеңі басталды

Түркіменстанда газ кенішін игерудің жаңа кезеңі басталды

Түркіменстанда «Галкыныш» кен орнын өнеркәсіптік игерудің жаңа кезеңі басталды. Ол табиғи газ қоры бойынша әлемдегі ең ірі кеніштердің бірі. Жобаның төртінші фазасы жаңа ұңғымалар бұрғылау және жылына 10 млрд текше метрге дейін қосымша көгілдір отын өңдеу бойынша жоғары технологиялық қондырғы құрылысын қамтиды. Жоба түрікмен-қытай ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылып, елдің экспорттық әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Лю Чэнъюнь, CNPC International Түркіменстандағы филиалының қызметкері:

- Биыл Қытай мен Түрікменстанның энергетикалық ынтымақтастығының 20 жылдығын атап өтеміз. Осы серіктестік аясында Амударияның оң жағалауында газ жобасы іске асырылуда. Елдер арасындағы табиғи газ саудасының жыл сайынғы көлемі ұдайы өсіп келеді.

Аман Хясиетов, «Түрікменгаз» мемлекеттік концернінің инженері:

- Осы кешеннің құрылысы жылына 10 млрд текше метр тауарлық газ дайындауға есептелген жаңа қуат көлемін іске қосады. Бұл Түрікменстанның табиғи газ өндіру бағытындағы әлеуетін ілгері жылжытады және тұтастай алғанда, саланың дамуына оң ықпал етеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?