Қазақстан мен Ресей су тасқынына қарсы бірлескен іс-шараларды қолға алды

Қазақстан мен Ресей су тасқынына қарсы бірлескен іс-шараларды қолға алды

Ресей мен Қазақстаның мамандары су тасқынынна қарсы бірлескен іс-шараларды талқылады. Орынбор облысына барған қазақстандық делегация Жайық өзеніне Иреклі су қоймасынан жіберілетін судың көлемін ұлғайтуға уағдаласты. Бүгінде оның қарқыны секундына 108 текше метрді құрайды. Қос тарап бұл көлемді 130 текше метрге дейін көбейтуге келісті. Мамандардың сөзінше бұдан келер қауіп жоқ. Олар жиналған тіршілік нәрінің қоры ауыл шаруашылығының дамуына тың серпін беретініне сенімді.


¤

Нариман Төреғалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:


- Судың деңгейі 6-6,50-ге дейін көтеріледі екен алдын ала болжам бойынша. Қазіргі күні бізге облысқа бұлар жіберіп отыр. Күні кешеге дейін 60 текше метр жіберген еді, кешеден бастап секундына 108 секундына куб метр жіберіп жатыр. Ол өте жақсы. Бізге қазір Жайық өзенінен су төмендегі оңтүстік аудандардағы су қоймаларына емін-еркін түсуде. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?