Қазақстан Президентінің Түркияға сапары стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту және түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейту үшін айрықша мәнге ие. Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастың шарттық негізін нығайтуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойды. Олар экономика, энергетика, білім, қорғаныс, көлік саласын қамтитын басым бағыттарға қатысты. Сарапшы Жәнібек Арынов осындай пікір білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың түрік бизнесі өкілдерімен кездесулерінің де маңызы зор. Бұл ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуетін білдіреді. Біздің еліміз жаңа инвестицияларды белсенді түрде тартып, бірлескен жобаларды ұсынады.
Жәнібек Арынов, Халықаралық
қатынастар бойынша сарапшы:
- Біз үшін маңызды
бағыттардың бірі тасымалдау болар еді - көлік дәліздері - Қазақстан арқылы өтіп,
одан әрі Әзербайжан, Грузия және Түркияға кететін орта дәліз - бұл орайда
Түркия біз үшін өте маңызды. Түркияға қатысты екінші мәселе - қорғаныс
саласындағы ынтымақтастық. Түрік компанияларымен көптеген келісімдерге қол
қойылды. Қорғаныс министрлігінің желісі бойынша бізде кадрлар даярлау, тәжірибе
алмасу, бірлескен оқу-жаттығулар жұмыстары нәтижесінде ынтымақтастық өте жақсы
дамуда.

