Үкіметте Халықаралық қаржы ұйымдарымен әріптестік аясы талқыланды

Үкіметте Халықаралық қаржы ұйымдарымен әріптестік аясы талқыланды

Қазақстан Үкіметінің Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінде жобаларды жеделдету жөніндегі ұсыныстар, сондай-ақ бірлескен бағдарламаларды кеңейту қаралды. Энергетикалық қуат көздері саласындағы бастамалар өз алдына бөлек талқыланды. Талқыланған ұсыныстардың бірі – ортақ инвестициялық платформа қалыптастыру. Ол энергетикалық трансформация бойынша приоритетті жобаларды біріктіру және ұзақ мерзімді халықаралық қаржыландыруға бағытталмақ. ҚР Энергетика, Экология және табиғи ресурстар министрлігі былтыр жыл бойы Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп инвестициялық платформа тұжырымдамасын дайындады. Аталған тетік халықаралық қаржы институттарының, мемлекеттік органдардың және жеке сектордың ресурстарын біріктіре отырып, климаттық қаржыландыруды үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған.Сондай-ақ, отырыста су шаруашылығы, су тасқыны тәуекелдерін басқару және коммуналдық инфрақұрылым саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды. Премьер-министр халықаралық әріптестермен бірлесіп ұсынылған ұсыныстарды пысықтауды, іс-қимылдарды үйлестіруді және бірлескен инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асыруды тапсырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?