ҚСЗИ: Қазақстан жастары Президентке сенім артады

ҚСЗИ: Қазақстан жастары Президентке сенім артады

Қазақстан жастарының 90% астамы ел Президентіне сенім артады. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты жүргізген әлеуметтік сауалнама осындай қорытынды шығарған. Респонденттердің басым бөлігі Қазақстанды дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді. Сондай-ақ, көптің пікірі елдегі жағдай тұрақты дегенге саяды. Әрі басым бөлігі өміріне қанағаттанатынын көрсеткен, сондай-ақ алдағы уақытта әлеуметтік ахуал одан әрі жақсарады деп күтеді. Бұған қоса, сауалнамаға қатысқандардың айтуынша, мемлекет азаматтардың пікіріне құлақ асып, қоғамның сұраныстарына жауап береді. Жалпы алғанда, зерттеу қазақстандық жастар арасында әлеуметтік оптимизм деңгейінің жоғары екенін көрсеткен. Олар өздерінің болашағына сенімді және мемлекетті тұрақтылықтың кепілі ретінде қабылдайды. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл жоғары көрсеткіштер Қазақстандағы жастардың алдында ашылатын нақты мүмкіндіктердің нәтижесі. Яғни, мұндай оң көзқарастың қалыптасуы сапалы білімге қолжетімділік, тұрғын үй алу мүмкіндігі, цифрлық қызметтердің дамуымен тікелей байланысты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?