Түркі елдері көлік пен логистика саласында ортақ цифрлық платформа құрады. Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің 19-отырысында көлік дәліздерін цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу және экономикалық байланысты нығайту мәселелері сөз болды. Делигаттар Түркістанда өткен бейресми саммиттің қорытындыларын саралап, түркі әлемінің өзара ықпалдастығын арттыруға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жобалар елдер арасындағы сауда айналымын ұлғайтып, транзиттік әлеуетті күшейтуге мүмкіндік береді.
Кубанычбек Өмірәлиев, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы:
- Қазіргі таңда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің
жиынтық экономикасы әлемде 11-орында тұр. Жалпы ішкі өнім көлемі 2 жарым трлн
долларды құрайды. Ал өзара сауда
айналымы 1 трлн асты. Бұл жалпы сауданың шамамен 7% құрайды. Бірнеше жыл бұрын
бұл көрсеткіш небәрі 3% болған еді. Демек, елдер арасындағы экономикалық
ықпалдастық пен сауда байланысы қарқынды дамып келеді.

