Қазақстанда су тасқынан
зардап шеккен аймақтарда 800-ден астам отбасы жаңа баспанаға қоныстанды. 4
мыңнан астам жанұя үйлерін жөндеу және қалпына
келтіру мақсатында 57 миллиард теңгеден
жоғары өтемақы алды. Әлі
де тұрғын үйлерді қалпына келтіруге
237 миллиард теңге қажет. Бұл туралы
мемлекет басшысына Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев баяндады. Зардап шеккендерге бірреттік төлем беру жалғасып жатыр. Шығынға
батқан бизнес
те шет қалмайды. Жалпы
сомасы 377 миллион теңге болатын 34 кәсіпкерлік нысанның өтінімі мақұлданды.