Қазақстан жеке деректерді қорғау бойынша ТМД елдері арасында көшбасында

Қазақстан жеке деректерді қорғау бойынша ТМД елдері арасында көшбасында

Қазақстан әлемнің 193 елінің ішінде телеком-инфрақұрылым бойынша 42-орынды иеленді. Сондай-ақ БҰҰ деректеріне сәйкес республика халқының 93%-і интернетке қол жеткізе алады. Сонымен қатар киберқауіпсіздікке келер болсақ, Қазақстан жеке деректерді қорғау бойынша БҰҰ рейтингінде 1-орында, ал ТМД елдері арасында көшбасшы. Бұдан басқа, соңғы 10 жылда электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтер саны екі еседен астам өсті. 2024 жылдың бірінші жартысында 33 миллион қызмет көрсетілді. Сондай-ақ, Қазақстанның сандық әзірлемелері GovTech-те халықаралық деңгейге танылғанын атап өту керек.  Екі жылдың ішінде ғана Тәжікстан мен Африка елдеріне экспорт көлемі бір млрд теңгеден асты. Республика шетелге Smart Data Ukimet, Smart Bridge және GOV.KZ сияқты ІТ компоненттерді экспорттайды.

Әсел Күшенғалиева 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?