Түркі мемлекеттері денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық аясын кеңейтеді

Түркі мемлекеттері денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық аясын кеңейтеді

Түркі елдері медицина мамандарын даярлау мен биологиялық қауіпсіздік бойынша күш біріктіреді. Тиісті ынтымақтастық меморандумдары Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымы денсаулық сақтау министрлерінің 5-ші кездесуінде жасалды. Астанада бас қосқан бауырлас елдердің ведомства басшыларымен Қазақстан Премьер-министрі кездесті. Жиында осы сала бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары қаралды. Олжас Бектеновтің ДДҰ Еуропадағы өңірлік бюросының директоры Ханс Клюгемен екіжақты кездесуі өтті. Онда тараптар арасында 2025-2030 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы келісімнің маңыздылығын атап өтілді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Өткен жылы денсаулық саласына салынған инвестициялар 8,4%, шамамен 920 млн долларға жетті. Оның үштен бірі жеке секторға тиесілі. Біздің бастамаларымызға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы айтарлықтай қолдау көрсетіп отыр. Тыныс алу органдары мен қан айналымы жүйесі ауруларының азаюы және өлім-жітімнің төмендеуі техникалық және сарапшылық қолдауға негізделген біздің бірлескен жоспарлы жұмысымыздың нәтижесі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?