ТүркПА төрағалығы Қазақстанға өтті

ТүркПА төрағалығы Қазақстанға өтті

Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясының төрағалығы Әзербайжаннан Қазақстанға өтті. Ал, оның жаңа бас хатшысы болып Рамиль Гасан тағайындалды. Қазақстан астанасында өткен Кеңес отырысында оның кандидатурасы бір ауыздан қолдау тапты. Сондай-ақ, Астана декларациясы қабылданып, алдағы жұмыс жоспары айқындалды.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы:

- Енді барлық салада ынтымақтастықты нығайтудан бастап, ұйымның халықаралық мәртебесін күшейту, Түркі елдерінің бірлігін тереңдету алдағы бір жылдың ішінде біздің жұмысымыздың ең басты маңызды бағыты болмақ. Сонымен қатар, ТүрікПАға мүше мемлекеттер аясын кеңейтуге де баса назар аударатын боламыз.

¤

Статистикаға сүйенсек, былтыр Түркі елдерінің өзара тауар айналымы 42 млрд долларға жетті. Сыртқы сауданың жалпы көлемі шамамен 1 трлн-нан асты. Бұл көрсеткіштер мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстың нығайып келе жатқанын білдіреді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?