Қазақстанда Астана халықаралық форумы өтеді

Қазақстанда Астана халықаралық форумы өтеді

Елордада 29-30 мамыр күндері Мемлекет басшысының төрағалығымен халықаралық Астана форумы өтеді. Елдің сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметтерге сай, бұл іс-шараға Мемлекет басшылары, Премьер-министрлер, халықаралық компаниялардың жетекшілері, бизнесмендер, саясаттанушылар мен ғалымдар қатысады деп күтілуде. Бағдарлама үш негізгі тақырыпқа бөлінген. Оларда Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, Энергетика және климаттың өзгеруі, Экономика және қаржы бағытындағы мәселелер сарапқа салынады. Бұл ретте мемлекет басшылары мен сала көшбасшылары, сондай-ақ белгілі сарапшылар панельдік пікірталастар мен сессияларда келесі онжылдықты айқындайтын ойларын ортаға салып, тиімді шешімдер ұсынатын болады. Қатысушылар адамзаттың ең өзекті мәселелерінің нақты тәжірибелік шешімдерін бірлесіп іздеуге ниетті.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?