Ұлытау облысында өнеркәсіп деңгейі 7 процентке өскен. Бүгінде өңір аталған көрсеткіш бойынша елімізде төртінші орында тұр. Жұмыс сапары барысында Премьер-Министр қарқынды төмендетпеуді және одан әрі қарайғы өсім үшін қолда бар резервтерді пайдалануды тапсырды. Олжас Бектенов Жыланды кенішінде болып, еңбеккерлермен кездесті. Мұнда Министрлер кабинетінің басшысына Қазақмыстың ел ішіндегі құндылықтарды дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндалды. Осылайша, жарты жыл ішінде корпорация отандық жеткізушілерден 93 млрд теңгеге тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алды. Ал жергілікті кәсіпорындармен 28 млрд теңгеге офтейк келісімшарттары жасалды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
- Мемлекет
басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің тау-кен металлургия кешенін
дамытудың маңызды екенін баса айтты. Жекеменшік кәсіпорындарды геологиялық
барлауға инвестиция салуға ынталандыру – басым міндеттер қатарында. Өңдеу
өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз ету көлемін ұлғайту үшін барлық
күш-жігерді жұмсауымыз қажет. Біздің алдымызда жаңа технологияларды енгізу,
жергілікті қамтуды арттыру және экспортты дамыту арқылы өндірістің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру міндеті тұр. Саланы одан әрі дамыту біздің
өндірушілердің жаһандық трендтер ұсынып отырған технологиялық өзгерістерге тез
бейімделе алуы мен мүмкіндікті барынша пайдалана алуына тікелей байланысты.