Қазақстан адами капиталдың жаһандық рейтингінде көрсеткішін жақсартты

Қазақстан адами капиталдың жаһандық рейтингінде көрсеткішін жақсартты

Адами капиталдың жаһандық рейтингінде Қазақстанның көрсеткіші өсті. Дүниежүзілік банктің жаңартылған индексінде өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан 13 сатыға жоғарылады. Республика Еуропа мен Азияның бірқатар елдерін басып озып, 161 мемлекет ішінде 42-орынды иеленді. Еліміз Аргентина, Малайзия, Грузия, Әзірбайжан, Қытай, Молдова, Грекия, Болгария, Италия және Түркиядан озған. Қазақстан Орталық Азия елдері арасындағы көшбасшы. Өңір мемлекеттеріндегі адами капитал индексі 200 баллдан аспайды. Сарапшылардың айтуынша, бұл елеулі нәтиже, өйткені адами капиталдың көрсеткіші біртіндеп өзгеріп келеді. Ол бiлiм беру сапасы, денсаулық сақтау жүйесiнiң жай-күйi және өмiр сүру ұзақтығы сияқты қоғам дамуының негiзгi факторларына байланысты.

Юлия Кучинская, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазақстан позициясының өсуі білім беру және жұмыспен қамту бағыттарына байланысты болды. Қазақстан рейтингінің бұдан әрі қарай да өсе беруін қамтамасыз ету үшін, әрине, білім сапасымен және білім беруді еңбек нарығының талаптарына сәйкестендірумен шұғылдану қажет. Мемлекет басшысы да білім берудің негізгі мәселе екенін айтады. Білім экономикасы - бұл кез келген елдің дамуының негізі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?