Алматыда автономды кітапханалар іске қосылды

Алматыда автономды кітапханалар іске қосылды

Алматыда автономды кітапханалар пайда болды. Енді қала тұрғындары кітаптарды дәстүрлі оқу залына бармай-ақ, таңдап ала алады. Мегаполистің қоғамдық орындарында – метро бекеттерінде, ХҚКО-тарында, сауда және жастар комьюнити-орталықтарында – алғаш рет 24 заманауи аппарат орнатылды. Бір құрылғыда 250 кітап орналастырылады. Ал сервисті оқырмандар билетінің көмегімен пайдалануға болады. Бүгінде оның игілігін күн сайын ондаған адам көруде. Дербес кітапхананы қолданушылар арасында Аружан Диханшиева да бар. Оқырман 5 айда классикадан бастап қазіргі жазушылардың 5 кітабын оқып үлгерген.


Аружан Диханшиева, Алматы қаласының тұрғыны:


- Мен кітапты көп оқығандықтан үнемі кітап алуға қаражат жұмсайтынмын. Осы автономды кітапханалар арқасында өзіме кез-келген ұнайтын кітаптарды ала алатын болдым. Ерекшелігі 3 кітаптан артық беріледі екен.


Кітапсүйер қауым әдебиетке алдын ала тапсырыс бере алады, ал қайтаруды қадағалау жүйесі процесті ыңғайлы әрі ашық етеді.


Ұлан Оразғалиев, Алматы қаласы электронды кітапхана ресурстары қызметі басшысының орынбасары:


- Оқырмандар билетін Алматы қаласының 26 филиалының бірінен алуға болады. Оқырмандар билетінің көмегімен аппараттан кітапшаларды 2 аптаға дейін алуға немесе жеке кабинетте ұзартуға болады. Барлық кітаптар бақылауда және оқырман үшін қиындық тудырмайды.


Сарапшылардың айтуынша, мұндай дербес кітапханалар әсіресе жастар арасында аса қызығушылық тудыруда.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?