Қазақстандық оқушылар роботты техникадан үшінші рет әлем чемпионы атанды

Қазақстандық оқушылар роботты техника сайысында үш дүркін әлем чемпионы атанды. Грекиядағы ең ірі FIRST Global Challenge зияткерлік олимпиадасында еліміздің командасы 190 елдің арасында жеңіске жетті. Ұлттық құрама қоржыны алтын медаль мен ойындардағы рекордтық баллдан басқа үздік инженерлік әзірлемелері үшін тағы екі күміс марапатпен майланды. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар чемпиондық титулды бұдан бұрын Женевада, одан кейін Сингапурда иеленген.

Асылбек Мырзахметов, Қазақстан құрамасының роботты техника жөніндегі жаттықтырушысы:

– Біз тағы да жарыс рекордын жаңарттық. Ел қоржынын тағы бір алтын медальмен толықтырғанымызға қуаныштымыз. Әлемдегі бірде-бір ел екі дүркін чемпион атанған емес. Ал біз осымен үшінші жыл қатарынан үлкен жеңіске жетудеміз. Айта кету керек, осы жылдар ішінде ұлттық құраманың құрамы қайталанған жоқ. Ел намысын жыл сайын әр түрлі балалар қорғайды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?