Астанада қазақ тілі мен әдебиетінің негізін қалаушы Ахмет Батұрсынұлының алғашқы академиялық жинағы таныстырылды. Ағартушы-ғалымның таңдамалы шығармаларының 5 томдығы жарық көрді. Оларда Ұлт ұстазының зерттеулері, ғылыми мақалалары, оқулықтары, моногорафиялары, хаттары араб әліпбиінің негізінде өзі құрған төте жазу және кирилл қарпімен қатар басылған. Зерттеушілер бұл жинақтың әлемдік ғылым үшін маңыздылығын атап өтті. Бүгінде оның электрондық нұсқасы да әзірленген. Ол барлық түркітанушы ғалымдар үшін қолжетімді. Олар араб графикасымен қазақ лингвистикасының негізін салған қазақ ғалымының бірегей еңбектерімен таныса алады.
Айгүл Ісмақова жинақтың бас
редакторы:
- Ахмет Байтұрсынұлы өз кітаптарына жазған түсініктемелер, сілтемелер сақталып және біз білмейтін адам аттарына, кісі жер су аттарына, аңыздарға қатысты кітапта кездесетін бүкіл топонимикалық мәтіндерге, түсініктемелерге ғылыми түсініктемелер берілген. Академиялық басылымның ерекшелігі осы.
Жеңіс Ермұқанов.

