Біріккен Араб Әмірліктерінде химия пәнінен өткен
халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар төрт бірдей медаль жеңіп алды. Оның
екеуі алтын, екеуі күміс жүлде. Осылайша, отандық оқушылар планетаның үздік жас
химиктері атағын тағы да ақтап шықты. Араб еліндегі білім беру министрлігінде
атап өткендей, мектеп оқушыларының жетістіктері қазақстандағы білім берудің
жоғары сапасы мен әлемдік аренадағы беделінің дәлелі. Әлемдегі айтулы
интеллектуалдық жарысқа 93 елден 360-тан астам оқушы қатысты. Айта кетейік,
өткен жылғы химия олимпиадасында қазақстандық оқушылар 2 алтын, 1 күміс және 1
қола медаль жеңіп алған болатын.

