Қазақстандық Инновациялық Еуразия университеті Қытайда өз өкілдігін ашты. Ол Сиань қаласындағы Қытай – Орталық Азия мәдени алмасу орталығының базасында құрылды. Сондай-ақ павлодарлық жоғарғы оқу орны Сианьдағы бірқатар университетпен ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойды. Тараптар өзара машина жасау, электротехника, инженерия, жасанды интеллект және робототехника салаларында тәжірибе алмасып, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша уағдаласты.
Гүлвира Мұсабекова, Павлодар қ. Инновациялық еуразиялық университетінің ректоры:
– Яғни Павлодар университеті мен Қытайдың Сиань қаласындағы жоғарғы оқу орындары арасында халықаралық академиялық алмасу, оқытушылардың біліктілігін арттыру, академиялық үрдістермен танысу, профессорларды шақыру туралы келісімге қол жеткізіп отырмыз. Екі жақ сондай-ақ, ашық және инклюзивті саясат құруға келісті. Біздің мақсатымыз – динамикалық халықаралық білім беру ортасын құру болып табылады.