Қазақстанда тері қатерлі ісігіне қарсы дәрі әзірленуде

Қазақстанда тері қатерлі ісігіне қарсы дәрі әзірленуде

Назарбаев университетінің ғалымдары тері обырына қарсы бірегей дәрілер әзірлеуде. Онкологиялық жасушалардың өсуін тежейтін препараттардың әсері қазір молекулалық деңгейде жоғары оқу орнының зертханасында сынақтан өтіп жатыр. Доктор Ахмед Элькамхави бастаған Халықаралық зерттеу тобына тағы 7 адам кіреді. Құрамында PhD студенті мен университеттің 6 бакалавры бар. Жалпы, меланоманың даму үдерісін тоқтатудың жаңа тәсілі RAF киназа ферментінің ингибиторларын пайдалануды көздейді.


Ахмед Элькамхави, NU Ассистент-профессоры:


- Бұл ферменттің белсенділігін тежеп, біздің осында ашқан кіші молекуламен байланыстыру арқылы ағзадағы прогрессияны тоқтатады. Яғни бұл препаратты меланоманы емдеу құралы ретінде қолдануға мүмкіндік бар деген сөз. Сондықтан болашақта RAF киназасын жүзеге асырғымыз келеді. Ендігі қадам осы қосылыстың мүмкіндігінше күшті туындыларын әзірлеу болмақ. Ол ойымыз нақты іске асырылғанда ғана, біз клиникалық сынақтарға көшуге дайын боламыз.


Ғалымдардың алғашқы зерттеу нәтижелері беделді ғылыми басылымдардың бірінде жарияланды. Бұл оларға сынақтардың келесі кезеңіне өтіп, препаратты әрі қарай оңтайландыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта жас зерттеушілер басқа да обыр ауруларына қарсы дәрілерді әзірлеумен айналысуды жоспарлап отыр.


Әлия Аманжол, NU Докторанты:


- Біз Raf ферментімен жұмыс жасап жатырмыз. Сонымен қатар, екінші менің диссертациялық жұмысым Jak 2 ферментіне бағытталады. Олда жанағы анемия басқа да өкпе обырлары, өкпе қатерлі ісіктерін емдеуге бағытталады. Яғни сол адам ағзасындағы ферментті тежеуге арналған кішкентай молекулаларды жасап жатырмыз. Тек қана Raf ферменті емес, Jak фермент бар, сосын EGFR 2 ферменттеріменде жұмыс істеп жатырмыз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?