Үкіметте Алматы әуежайын жаңғырту жұмыстарының барысы қаралды

Үкіметте Алматы әуежайын жаңғырту жұмыстарының барысы қаралды

2050 жылға қарай Алматы әуежайының жыл сайынғы өткізу қабілетін 55 млн жолаушыға және 500 мың тонна жүкке дейін ұлғайту жоспарланған. Бүгінгі таңда әуе айлағы жылына 12 млн астам жолаушыға қызмет көрсетіп, елдің әуетасымалдау көлемінің 70% қамтамасыз етеді. Үкіметте Алматы әуежайын жаңғырту жұмыстарының барысы қаралды. Жалпы, тұжырымдамада 3 ұшу-қону жолағын реконструкциялау, жүк перронының құрылысы, логистикалық және қойма кешендерін, жолаушыларға арналған заманауи инфрақұрылымды салу көзделген. Қазіргі таңда ішкі рейстер терминалын жаңғырту, мұздан тазартатын заманауи платформа құру, жақын маңдағы тұрғын үйлерді шудан оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін бұл жұмыстарға 260 млн доллар инвестиция салынған. Премьер-министр Алматы әуежайы еліміздің 6 қаласында құрылып жатқан біртұтас экожүйе тізбегіне кіретінін атап өтті. Олжас Бектенов бұл іс Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?