Қазақстанда жыл соңына дейін бірқатар жаңа заң қабылданады

Қазақстанда жыл соңына дейін бірқатар жаңа заң қабылданады

Ел Парламенті Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыруға кірісті. Жыл соңына дейін депутаттар Құрылыс және Цифрлық кодекстерді, банктер мен жасанды интеллект туралы заңдарды әзірлеп, қабылдауы тиіс. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Жолдаудың барлық басым бағыттарын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету басты міндет екенін ерекше атап өтті. Киберқауіпсіздік, сондай-ақ Alatau City қаласын дамыту және Еуразиялық экономикалық одақ аясында отандық өндірушілерді қорғау үшін құқықтық базаға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу тетігіне түзетулер енгізу қажет. Осы Жолдау Президенттің ел игілігі қамындағы барлық бастамаларды ұстанатынын тағы да дәлелдеді, деді Ерлан Қошанов. Бұл ретте Мемлекет басшысы парламенттік реформа ұсынды.  

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Кешегі жолдауында Президент келешектегі бір палаталы Парламентті партиялық тізіммен жасақтауды ұсынды. Белсенді азаматтар өз ұстанымы мен көзқарасына сай келетін партияға мүше болу арқылы Парламентке келіп елдің тағдырына араласа алады. Мұндай жүйе әлемдік тәжірибеде кеңінен тараған. Сондықтан барлық фракцияны, депутаттарды осы жүйелі әрі прогрессивті реформаны қолдауға шақырамын.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?