Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур министрлерімен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур министрлерімен кездесу өткізді

Қазақстан мен Сингапур арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сингапурдың аға министрі – Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинмен кездесуінде талқыланды. Астана сауда және инвестициялық байланыстарды нығайтуға негізделген екіжақты серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашуға дайын.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Тео Чи Хинге «Беласу. Дипломатиялық очерктер» кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасына қолтаңба берді. Министр бұл кітапты Қазақстанға сапарында сатып алып, оқып шыққан екен.

Сингапур Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті одан әрі жалғастыруға ниетті. Бұл туралы елдің үшінші Премьер-министрі – аға министр Ли Сянь Лун Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде мәлімдеді. Тараптар сауда-экономика, инвестиция, қаржы, көлік-логистика және гуманитарлық салалардағы ықпалдастық мәселелерін талқылады.