Қазақстанның Конституциялық реформасы сарапшылар назарында

Қазақстанның Конституциялық реформасы сарапшылар назарында

Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасының ережелері - елді саяси жаңғырту бағытының жалғасы. Бұл пікірді бельгиялық  саясаттанушы Альберто Тюркстра айтты. Оның пікірінше, әңгіме институттар мен билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға бағытталған өзгерістердің жүйелі кезеңі туралы болып отыр. Сарапшы негізгі жаңалықтардың ішінде вице-президент институтын енгізуді атап көрсетеді. Брюссельдік саясаттанушы оларды саяси модельдің тиімділігі мен болжамдылығының артуымен байланыстырады. Сондай-ақ, жаңа жүйеге көшу заң шығару процесін жеделдетеді.

Альберто Тюркстра, Саясаттанушы, Diplomatic World басылымы жобаларының жетекшісі:

- Президент Тоқаев жариялаған конституциялық өзгерістер - бұл Қазақстанның жаңғыруы мен мемлекеттік құрылысының жаңа кезеңі. Ол билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға бағытталған. Оған өкілеттіктер нақты бөлінген, есеп беретін және тұрақты институттар кіруі тиіс. Ал вице-президентті енгізу болжамдылықты арттырады. Бұл шетелдік инвесторлар үшін аса маңызды. Бұл Қазақстанның стратегиялық бағдары мен басымдықтарында елеулі өзгерістер орын алмайтынын білдіреді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?