Түрікменстанда мұнай өнімдерін экспорттау үшін жаңа теңіз айлағы ашылды

Түрікменстанда мұнай өнімдерін экспорттау үшін жаңа теңіз айлағы ашылды

Түрікменстанда Кенар терминалының жаңа теңіз айлағы ашылды. Айлақ жылына екі миллион тоннадан астам мұнай жөнелте алады және бір миллион тоннадан астам мұнай мен мұнай өнімдерін қабылдайды. Бұл стратегиялық нысан Түрікменбашы мұнай өңдеу зауыттары кешенінің құрамына кіреді. Жаңа теңіз айлағы заманауи талаптарға сай келеді және бір мезгілде екі танкерді қабылдай алады. Ол Орталық Азия елінің экспорттық әлеуетін едәуір арттырады. Логистикалық жөнелтілімдердің үздіксіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар транзиттік қызметтер санын көбейтуге мүмкіндік беріп, республиканың инвестициялық тартымдылығын арттырады. Нысан теңізге шыға алмайтын елдердің Халықаралық экономикалық форумы аясында маңызды рөл атқарады деп күтілуде. Іс-шара тамыз айында Түрікменстанда өтеді.


Дмитрий Гоголь, «Petro Gas LLP» компаниясының Түрікменстандағы филиалының директоры:


- Аталған нысанды жобалау және салу кезінде ең заманауи және озық технологиялар пайдаланылды. Атап айтқанда, автоматтандырылған басқару жүйесі бар компаниялар үшін жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз ету қолданылды. 00,36


Амангелді Бердіев, «ТүрікменМұнай» мемлекеттік концернінің инженер-технологы:


- Жаңа айлақты пайдалануға беру мұнай өнiмдерiн қазiргi 1-шi және 2-шi айлақтар арқылы шетелге үздiксiз және қауiпсiз тиеудi қамтамасыз етедi. Оларды кезекпен жұмысын қайта жаңғыртуға мүмкiндiк бередi. Құю айлақтарының өндiрiстiк қуатын арттырады, транзиттiк тасымалдау жөнiндегi қызметтердi орындауға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ қосымша табыстың ұлғаюын қамтамасыз етедi.


Аллаяр Мамметоразов, Мұнайды сақтау және тиеу жөніндегі насос жасау зауытының машинисі:

- Бұл технологиялық нысанды пайдалануға беру арқылы импорттық мұнай өнімдерінің жөнелтілуін жеделдете аламыз. Бұл ретте шығын мейлінше азаяды. Халықаралық нарықтарға экспорттық жеткізілімдерді сенімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?