Президент
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа
Агенттік қызметінің негізгі қорытындылары туралы есеп берілді. Мәжілістің қарауына кірістерді
жылыстатуға қарсы күрес бойынша заңнамалық түзетулер енгізілгені айтылды. Олар қабылданса,
Қазақстан FATF стандарттарына техникалық тұрғыдан толық сай келеді. Азаматтарды қаржы
алаяқтарынан қорғау бойынша
іс- шаралар пысықталды. 24 қаржы пирамидасы
жойылды.
Алаяқтық схемаларды
таратқан 5 жарым
мыңнан астам
сайт бұғатталды. Мемлекет
басшысы экономикалық құқық бұзушылықтың алдын алу мен
заңсыз иеленген активтерді жылыстатуға қарсы күресті жалғастыруды тапсырды.

