Еліміздегі ІТ компаниялардың өнімдері шетелде сұранысқа ие

Қазақстандық IT-компаниялардың өнімдері шетелде үлкен сұранысқа ие. Ауыз толтырып айтатын мысалдардың бірі – Біріккен Араб Әмірліктеріне арналған Smart City және AdTech ақылды қала гаджетінің әзірлемесі. кешенді шешімді жүзеге асыру туралы келісімге KazTrade сауда саясатын дамыту орталығы атынан «Экспорттық акселерация» бағдарламасына қатысушылардың бірі қол қойды.

Әсел Егембердиева, сауда саясаты дамыту орталығы бас директорының орынбасары:

- Тауарларды өндірушілерден басқа, қызмет провайдерлері де бағдарламаға қатысушылар қатарында. Атап айтқанда IT қызметтерін ұсынушылар. Өткен жылы бағдарламаға 11 компания қатысты. Биыл біз тізімді кеңейттік. Қазір 27 компания бар.

Компанияға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуді көздейтін бағдарламада оқытудан бастап келісім-шартқа дейін барлық кезең қарастырылған. Бұған стратегияны әзірлеу, маркетингті ілегірілету, көрмелерге қатысуды қамтамасыз ету, сондай-ақ сенімді сатып алушыны табу кіреді.

Әсел Егембердиева, сауда саясаты дамыту орталығы бас директорының орынбасары:

- Сондай-ақ бізде экспорттаушыларды оқытудың толық блогы бар. Өткен жылдан бастап біз «QazTrade» академиясының онлайн бизнес тәжірибесін іске қостық. 2021 жылы 200 кәсіпорын оқудан өтті. Биыл да компаниялар белсенді қатысуда. Біз халықаралық сарапшыларды, өзіміздің ұлттық мамандарымызды тартып отырамыз. Сондай-ақ оларға экспорттың қыр-сырын, тиімді жұмыс істеу үшін не керек екені де үйретеміз. Не нәрсеге назар аудару керек, қандай қауіптер, қауіптер бар деген сияқты тақырыптарды көтереміз.

Сауда саясатын дамыту орталығы қазақстандық компанияларды халықаралық платформаларға шығарумен де айналысады. Осылайша, Alibaba онлайн платформасында 200-ден астам кәсіпорын «Алтын жеткізуші» мәртебесін алды. Бұл сауда алаңында 4 мыңнан астам отандық тауар орналастырылған. QazTrade америкалық және ресейлік нарықтарда өз тауарларын жариялауға көмектеседі.